Помогите плиз ! сделайте эссе ** тему менин бос уакыт

0 голосов
151 просмотров

Помогите плиз ! сделайте эссе на тему менин бос уакыт


Қазақ тiлi (12 баллов) | 151 просмотров
0

какое у тебя хобби?

Дан 1 ответ
0 голосов

Ашуым басылып, сабырлық оралып, өз сабама түстім… Бірақ, бар ашумен келген ойларым жоқ боп кетті… Бірдеңені түсіндім, бірақ нені екенін әзірге білмеймін…Сіздермен бірге түсініп көрсем қалай қарайсыздар? Тек, күлмеуіңізді өтінемін…Уақыт деген сөзді әркім әрқалай қабылдаса керек, әркімге оның құндылығы әртүрлі де. Уақыт дегенді “өмір” деп түсінсе қалай екен?! Енді қараңыз, сізбен бір уақытта кездесуге келістік. Сіз кездесуге бірер сағат қалғанда кездесуге келе алмайтыныңызды айтып хабарластыңыз. Сонда не болды дейсіз, сіз сізге бөлінген менің “өмірімнің бір мезетін”=уақытымды “жойдыңыз”. Ия, дұрыс қой(!), бізге тәуелсіз жағдайлар да боп тұрады, оны да естен шығармаймыз ғой. Десе де, уақыт белгілемес бұрын басқа қосалқы жағдайларды есере отырып белгілеген дұрыс деп ойлаймын – өз уақытың мен өзгенің уақытына бармақтай болса да сый/сыйластық ретінде.Енді, адамның уақытқа деген көзқарасы “өмірлік фазалардың” қайсыссында қалыптасады? Мен де бір күні ана болармын, сонда балама уақыттың не екенін қалай және қашан түсіндерер едім?! Ең бастысы, айтқаныма ісім сай болуы керек болар ия?! Бірінші “фазаларда” уақыт деген “қазір”, “ертең”, “сосын”, “ерте-кеш”, т.т сөздермен өлшенсе керек, кейін есею барысында өзің біле бастайсың ғой “2 сағат”, “түнгі 1″, “таңғы 4″, т.т уақыт өлшемдерін. Ата-ананың рөлі қандай?! “Кешікпей кел” деген не? Бұл ой бұрын да болғандай/айтылғандай – дэжавю? :)Бос уақыт… Дем-алысқа бөлінген уақыт деп түсінген дұрыс емес сияқты, біртүрлі. Бос уақыт – бос уақыт, ешкіммен, еш нәрсемен “толтырылмаған” уақыт. Сонысымен қызық та… Қалай жұмсаймын десең солай жұмсайсың – бос құмыра сияқты, немен толтырғаныңа байланысты өзіңе қайтады. Жәй мысал, артық уақытты дем аласқа/ұйқыға кетірдің – өзіңе пайдалы, шаршаған ми/дене тынығып қалады(сізден басқалар да дем алуы керек қой, анда-санда); кітап оқыдың – қазір пайдасы көрінбегенімен, сөз алысың, ой өрісің, тіпті білім деңгейінің өзгергенін бірер уақыт өте көресің; достарыңмен кездестің – көңіл көтердің, бар жиналған шеріңді шығардың, басқаның көзқарасын байқадың – өзіңмен салыстырдың; мексикан сабыноперасын қарадың – жылап-сықтап, ертесін ұмытып кеттің; тағысын тағы толып жатқан бос уақыттың қолданысы.  Ал, менің бос уақытым қайда кетіп жатыр?Негізі бұл ойлар “өз уақытың” мен “өзге уақытының” арасындағы айырмашылықтан басталған еді.Болды енді :) Ары қарай қазбалаудың қажеті шамалы :)Түсінгенім бұрыннан белгілі, өзіме де өзгеге де… Уақыт – қайтып оралмайды, сіздің де менің де :) “Қазір” мен “тура қазірдің” ортасындағы баланста жүру деген қандай…

(20 баллов)