Төл сөз бен төлеу сөз (прямая и косвенная речь) Төл сөз – біреудің сөзін бұлжытпай, өзгеріссіз өз сөзінің ішінде берілген сөз. Төлеу сөз – сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана сақтап айтқан сөз. Төл сөзді төлеу сөзге және керісінше төлеу сөзді төл сөзге айналдыруға болады.