Помогите пожалуйста составить план
Адам өмірінің әрбір кезеңдерінде көптеген
салт-дәстүрлер орындалады. Соның бірі-бала тәрбиесіне байланысты салттар,
өйткені бала-өмірдің жалғасы, болашағы. Сәби дүниеге келгеннен кейін шілдехана
тойы өткізіледі. Баланы қырқына дейін көз тиеді деп көпшілікке көрсетпеген.
Баланың туғанына қырық күн толған соң, оны қырқынан шығарады: баланың қарын
шашын алады, көп балалы, немере көрген әжелердің бірі 40 қасық су құйып алып,
баланы шомылдырады. Баланы шомылдырған әжеге сыйлық беріледі. Бала қырқынан
шыққан соң ата-әжесі бесікке салу тойын жасайды. Бала қырқынан шыққанша, оның
нағашылары алдын ала бесік жасатып алып келеді.Баланың әке-шешесі бесік той
өткізеді.