Айтылеуына қарай сөйлемнің түрлері қандай болады.әр түріне мысал келтір

0 голосов
141 просмотров

Айтылеуына қарай сөйлемнің түрлері қандай болады.әр түріне мысал келтір


Қазақ тiлi | 141 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Айтылу мақсатына қарай сөйлем 4 түрлі болады. 

1. Хабарлы сөйлем.
Хабарлы сөйлем қандай да бір оқиғаны баяндау, суреттеу мақсатында айтылады. Мысалы: Оқушылар жеңіс күніне арналған қойылымға дайындалды.

2. Сұраулы сөйлем. 
Сұраулы сөйлем бір нәрсені білу мақсатында айтылады. Мысалы: Кеше жаңбыр жауды ма?

3. Лепті сөйлем.
Лепті сөйлем адамның көңіл күйіне, сезіміне байланысты айтылатын ойды білдіреді. Мысалы: Алақай, апам келеді!

4. Бұйрықты сөйлем
Бұйрықты сөйлем бір нәрсені бұйыру мақсатында айтылады. Мысалы: Бұл тапсырманы ертең міндетті түрде орындап кел!

(12.2k баллов)