Мақал-мәтел – кез келген халықтың мәдениетінде маңызда орын алатын сөз маржаны.
Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ғана жемісі болып
табылмайды. Олардың алғашқы үлгілері көне заманда пайда болған. Мақал-мәтелдерде халық өздерінің ой-санасын, өмірге деген, қоғамға деген көзқарасы, ақыл-кеңесі, таным-тағылымы көрініс тапқан. Мақал-мәтелдердің құрылымы поэзияға тән жинақы, ұйқас және ырғақты болады. Мақалдап, мәтелдеп сөйлеу сөйлеушінің тіл байлығымен бірге айтылған ойды нақтылай түседі