Жаздың бір әсем кешінде
Қасымхан Бегманов
Жаздың бір әсем кешінде,Сарыағаш бағы есімде.Дірілдеп аппақ саусағың,Келе алмай тұрдың шешімге.Хабарласпадың, арайлым,Почтаға күнде караймын.Елігім едің сен менің,Еркесі едің Бабайдың*.Жылуыменен хаттардыңАлматы жаққа аттандым.Қинады мені, қинады,Жанарындағы жатқан мұң.Жырменен жолдар астасып,Вагондар, сырлас досқа асық.Тамбурда кеттім егіліп,Түркістан қалды қоштасып...