Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер атап өтіледі
Ұлттық мерекелер - Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер.
Ұлттық мерекелерді мейрамдау кезінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар өткізіледі.
Қазақстан ұлттық мерекелеріне;
21-23 наурыз Наурыз мейрамы
1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі
9 мамыр Женіс күні
30 тамыз Конституция күні
16 желтоқсан Тәуелсіздік күні жатады
Мемлекеттік мерекелер - қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін мерекелер.
Олар
1-2 қаңтар Жаңа жыл
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні
21-23 наурыз Наурыз мейрамы
1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі
9 мамыр Женіс күні
30 тамыз Конституция күні
16 желтоқсан Тәуелсіздік күні жатады
Кәсіби және өзге де мерекелер - ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер.