Созжасам туралы ойтолгау

0 голосов
120 просмотров

Созжасам туралы ойтолгау


Қазақ тiлi (12 баллов) | 120 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Сөзжасам – лингвистика ғылымында жеке сала ретінде кеш танылып, кенже дамып, қалыптасып, жетіліп келе жатқан сала. Қазақ тіл білімінде сөзжасам мәселесі бұрын грамматиканың морфология саласында, кейбір мәселелері лексикология саласында қарастырылып келсе, өткен ғасырдың сексенінші жылдарының аяғынан бастап сөзжасам жеке сала ретінде зерттеле бастады. Қандай да бір ғылым саласы болмасын, оның қалыптасу, даму кезеңдері болатыны сияқты, сөзжасамның да өзіндік зерттелу тарихы бар. Талай ғылыми еңбектерге арқау болған сөзжасам жүйесінің негізі көне түркі тілінен басталып, содан бері дамып, толығып, қалыптаса келе, қазіргі күрделі жүйелі дәрежеге жеткен. Тіл біліміндегі зерттеу еңбектерге сүйенсек, жалпы сөзжасам мәселесінің алғаш көтерілуі ХІ ғасырдан (Махмуд Қашқаридың «Диуани-лұғат ат-түрк» (ХІ), Ибн Муханнаның «Китаб таржуман фарсы ва тюрки ва моголи» (ХІV ғ.) т.б. еңбектерден ) басталады. Бұл кезеңдерде жазылған еңбектерде алғаш рет сөздердің құрамы жасалу жолына қарай қарастырылып, сөзжасам қосымшалары туралы мағлұмат берілсе, Қазан төңкерісіне дейінгі грамматикаларда сөзжасам тәсілдері (аффикстік және бірігу, қосарлану тәсілдері) туралы, ХХ ғасырдың І жартысында жарық көрген еңбектерде сөзжасам морфологияда қарастырылып, түркі тілдерінде жаңа сөз жасаудың жолдары (тәсілдері) одан әрі жалғасын тауып, жетілдіріліп отырды. Өткен ғасырдағы түркологиялық еңбектерде бастамасы жасалған сөзжасам мәселелерінің жеке түркі тілдерінде арнайы зерттеле бастауы  50 -ші жылдардан басталады. Жалпы, бұл кезеңдерде жазылған еңбектерде сөзжасам мәселелері әр сөз табының аясында қарастырылып, онда сөзжасамдық аффикстер (өнімді, өнімсіз, құнарлы, құнарсыз), сөзжасамдық тәсілдер (синтетикалық, аналитикалық, фонетикалық т.б.) одан әрі жан-жақты зерттелді.
(30 баллов)