Есімдік бұл не ол қандай сұраққа жауап береді?

0 голосов
274 просмотров

Есімдік бұл не ол қандай сұраққа жауап береді?


Қазақ тiлi (17 баллов) | 274 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Есімдік есім сөздердің: зат есім, сын есім, сан есімнің орнына қолданылып, соларды нұсқап, меңзеп, сілтеп көрсетеді. Есімдіктер орынбасар сөздер деп те аталады.


Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді

1) жіктеу есімдігі; 
2) 
сілтеу есімдігі;
3) 
сұрау есімдігі;
 4) 
өздік есімдігі;
 5) 
жалпылау есімдігі;
 6) 
болымсыздық есімдігі;
 7) 
белгісіздік есімдігі.

 
1Жіктеу есімдігі заттық ұғыммен байланысты қолданылады. Олар: мен, сен, сіз, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктері үш жақта, жекеше және көпше түрде қолданылады.


2. Сілтеу есімдігі нұсқау, мегзеу, көрсету мағыналарын білдіретін бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, әне, міне, мынау деген сөздер.


3. Сұрау есімдігіне жауап алу мақсатымен қойылған сұрау мәнді сөздер жатады.Олар: кім? не? қандай? қай? қанша? неше? нешеу? нешінші?
қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? т. б.


4. Өздік есімдігіне әр тұлғада түрленіп қолданылатын өз деген бір ғана сөз жатады. Өз есімдігі түрленіп тәуелденіп: сенің өзің; көптеліп: өздері, септеліп:өзімнің түрінде қолданылады.


5. Жалпылау есімдігіне жалпылау, жинақтау мағынасын білдіретін бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады.


6. Болымсыздық есімдігіне ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан,ешқандай, ешқайдан, ешқайда, дәнеңе, дәнеме деген болымсыздық мағынаны білдіретін сөздер жатады.



7. Белгісіздік есімдігі – затты, сындық белгіні, сан мөлшерді жорамалдап, тұспалдап көрсететін сөздер. Белгісіздік есімдігіне: бір, біреу, кейбір, кейбіреу, әрбір, әрбіреу, қайбір, қайбіреу, біраз, бірдеме, бірнеше;әлде, әлдекім, әлдене, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан, әлдеқайда, әлдеқайдан;әр, әркім, әрне, әрқашан, әрқандай, әрқайсысы, әрбір, әрбіреу, кімде-кім деген сөздер жатады.
(16.0k баллов)