Помогите пожалуйста сделать точный перевод. ( только не переводчиком) !!!
Шешендік сөздер туралы түсінік
Шешендік
сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылыды.
Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шешендік сөздер үш
түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал құрылысы жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды бөлімнен тұрады.
Шешендік
арнау адамдар арасындағы
қарым-қатынасты, шешендік толғау халықтың
философиялық көзқарасын көрсетеді десек, шешендік дау қазақ
қауымының заттық және рухани даулы мәселелерді реттейтін ежелгі әдет заңын
бейнелейді.
Артық болмас білгенің...
«Шешен» сөзі қазақ тілінде өте ертеден қолданылып келеді. Бұл
сөздің мағынасы данышпан, ақылгөй, дана деген ұғымдармен өзектес. «Шешен» сөзі қазақ тілінде «сөзшең»,
«айтқыш», «тапқыр», «суырыпсалма», «ділмар», «қызыл тілге жүйрік» дейтін
сөздермен қатар қолданыла береді. «Шешен» сөзін халықаралық терминмен атасақ,
«оратор» деген сөз. Дальдің түсіндірме сөздігінде «оратор» - краснослов (қызыл сөз), речистый человек (сөзшең адам),
мастер говорить (сөйлеудің шебері). Осының бәрінде де шешен (оратор) әсерлі,
әдемі, бейнелі, көркем, ойлы сөйлей алатын адам деген мағынаны білдіреді.
Қазіргі тіл білімінде «шешен» деген сөз көп мағыналы:
1) шешендік өнермен
айналысатын адам;
2) жиналыста т.б. көпшілік
алдында сөйлейтін адам;
3) қызыл тілді меңгерген,
шешен сөйлеуге қабілетті адам.
(Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясынан)