1 Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет. В учении трудно, да плоды учения сладки. 2 Оқығаныңды айтпа,тоқығаныңды айт. Говори не о том, что вычитал, А о том, что осмыслил. 3 Білімге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп. Для ученного мир светел, для неуча мир темен. 4 Көзі жоқ, құлағы саудың Ақылы толады. Құлағы жоқ, көзі сау дың Ақылы солады. Если глаза не видят, но уши слышат – ум богатеет, если глаза видят, но уши не слышат – ум скудеет. 5 өмір – үлкен мектеп. Жизнь – самая большая школа. 6 Өмірдің өзі – ұлы ұстаз. Жизнь – учитель мудрый. 7 Жердің сәні – егін, Ердің сәні – білім. Землю – украшают нивы, человека – знания. 8 Жер – ырыстың кіндігі, Білім – ырыстың тізгіні. Земля – основа счастья, знания счастья поводья. 9 Білімді бесіктен тесікке дейін ізден. Знаний набирайся с пеленок и накапливай до дней последних. 10 Өнер – ағып жатқан бұлақ, Ілім – жанып тұрған шырақ. Искусство – живой ручей, наука – яркий светильник.