Жердің екі табиғи серігі болған екенӨте ерте кезде Жердің Айдан басқа тағы бір табиғи серігі болған. Америкалық ғалымдар ғаламшарымыздың қос табиғи серігі туралы зерттеуді жария етті.ИТАР-ТАСС-тың хабарлауынша, Санта-Круз қаласындағы Калифорния университетінің астрономдары Мартин Джутзи мен Эрик Аспог компьютерлік модельдеуге негізделген зерттеу барысында таңғажайып ерекшелікті байқаған. Айдың жарық түспеген беті мен үнемі Жерге қарайтын жағының құрылысында айырмашылықтар анықталды. Зерттеушілердің айтуынша, Айдың жанында Жерді айналып жүретін тағы бір табиғи серік болған, бірақ ол екеуі бір-бірімен жойқын жағдайда соқтығысып, нәтижесінде біздің ғаламшардың бір ғана серігі қалған. Айдың екі түрлі рельефі болуының себебі – осы. Джутзи мен Аспогтың есептеуінше, жойылып кеткен табиғи жерсеріктің массасы Айдікінің 4%-ындай, ал диаметрі 1200 шақырым