Білімнің
кәусар бұлағын,
Жүресің
құйып санама
Біз
үшін сенсің, мұғалім,
Ұстаз
да, ғалым, дана да.
Қыр-сырын
зерттеп заманның,
Ұлылығын
айтып бабамның
Өнеге,
өріс беретін
Барометрі
сенсің адамның.
Сағыныш
сазы толқытқан,
Арнамақ
сөздің мәйегін.
Шәкірттерің
оқытқан
Келіп
тұр жолдап сәлемін!
Өмірдің
ұғып тереңін,
Өркен
жайған қауымым
Қабыл
ал жүрек сәлемін,
Құлақта
сенің әр үнің!