Жер шарындағы әр елдің, әрбір жер түпкіріндегі халықтың өз туған тілдері, ана тілдері болады. Соған көзімізді жеткізе отырып, жер шарындағы тілдердің аз еместігін түсіну қиынға соқтырмайды. Әр халықтың өзіне ғана тән, өзге елдің тілдеріне мүлдем ұқсамайтын, өзіне ғана тәнерекшеліктерге толы, орасан зор байлыққа ие тілдері бар.кез келген тілдердің өзіндік бір ерешеліктері мен қасиеттері бар. Тіл кез-келген адам өмірінде, адамның бір-бірімен қарым-қатынасында үлкен рөл, елеулі орын алады. Адам тілге мұқтаж. Тілдің біздің өмірімізде үлкен орын алатыны тегін емес. Тек тіл арқылы адам бір-бірімен қарым-қатынас жасап, адамның қалпын, дәстүрін, әдет-ғұрпын ғана емес, сонымен қатар біраз уақыт араласу барысында адамның жан дүниесін, жүрек сырын да білуге болады. Өз ана тіліңді жетік білу арқасында өз тіліңді өзге леге танытасың, дәрежесін көтеріп, ана тілін дамытуға үлкен үлес қосасың. Тіл дәрежесінің өсуі тек ата-аналарымызға емес, бізге де, яғни болашақ ұрпаққа байланысты. Оны біз күнделікті өмірден-ақ байқаймыз. Тіліміздің байлығы – еліміздің байлығы. Халықтың тіл дәрежесінің өсуі, халықтың танымалдылығына әкеледі. Ана тілімізді өзге ұлт елдеріне таныту барысында, еліміздің ұлттық тілі көркемдеп, дамиды.