Буын үндестігі – түбір сөздің соңғы буынының жуан не жіңішке болуына қарайқосымшаның да жуан не жіңішке түрде жалғануы. Мысалы, бала+лар, үйрек+ті,құдірет+ті, кітап+қа, т.б. Буын құрауға негіз болатын дауысты дыбыстарболғандықтан, буын үндестігі дауысты дыбыстар арқылы орындалады. Буын үндестігі сингармонизм деп те аталады. Сингармонизм – грек тілінен енген термин. Sуn «бірге» және һаrmoni «байланысу», «үндесу» деген мағынаны білдіреді. Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар да кездеседі. Олар:-мен, бен, пен – баламен, жұлдызбен, жолдаспен;-қор, -паз, -қой – еңбекқор, өнерпаз, әуесқой;-тал, -дар, -тай – өсімтал, кіріптар, шешетай;-хана – емхана, дәріхана;-нікі, -дікі, -тікі – Майранікі, атамдікі, Мақсаттікі;-кер, -гер, -кеш – айтыскер, қаламгер, арбакеш;-кес, -күнем – даукес, пайдакүнем;-ов(а), -ев(а), -ин(а) – Әуезов(а), Серікбаев(а), Майлин(а);бей – бейтарап, бейуақыт, бейтаныс. Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбай жасалатын күрделі сөздер де бар. Мысалы, қос сөздер: салт-дәстүр, некен-саяқ, азық-түлік, қыз-келіншек, көрші-қолаң, аумалы-төкпелі, аға-іні, т.б.; біріккен сөздер: Есекқырған, Екібастұз, түйетабан, Алтынемел, көкқұтан,итмұрын, егеуқұйрық, ақсүйек, Аягөз, т.б.; тіркес сөздер: келе жатыр, көк ала, жақын жер, самал жел, жетпіс тоғыз,алтыншы үй, талдырмаш денелі, т.б.