Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы
құрамына қарай:Дара (простое – один корень)Мысалы: дала, бас, қалам.Күрделі (сложное – несколько корней)Мысалы: мекенжай, балабақша.
тұлғасына қарай:Негізгі (непроизводное – нет суффикса)Мысалы: мектеп, мысық.Туынды (производное – есть суффикс)Мысалы: әнші, аспаз.
мағынасына қарай:Жалпы (нарицательное)Мысалы: теледидар, үстел.Жалқы (собственное)Мысалы: Алматы, Татьяна, Қазақстан.Деректі (конкретное)Мысалы: үй, өзен, сиыр.Дерексіз (абстрактное)Мысалы: ақыл, ой, күн.Жанды (одушевленное)Мысалы: оқушы, мұғалім, адам.Жансыз (неодушевленное)Мысалы: кілем, тақта, қарындаш.
Зат есімдердің көптік жалғауы
-лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер.Мысалы: бала-лар, кітап-тар, дерек-тер.
Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады