Одайгай оның түрлері

0 голосов
80 просмотров

Одайгай оның түрлері


Қазақ тiлi (12 баллов) | 80 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Одағайдың үш түрі бар: 1) көңіл күй одағайлары; 2) жекіру одағайлары; 3)шақыру одағайлары. 1.Көңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, ренжу, өкіну, қуану мәнінде қолданылады: пәлі, алақай, пай-пай, уһ, әттеген-ай, қап. 2.Жекіру одағайлары тыйым салу, жекіру мәнінде айтылады: тәйт, тек, жә. 3.Шақыру одағайлары хайуанаттарды, жан-жануарларды қуу, шақыру мәнінде жұмсалады. Жылқыға қатысты құрау-құрау, моһ-моһ; сиырға қатысты ауһау-ауһау, әукім-әукім; қойға қатысты пұшайт-пұшайт; түйеге қатысты көс-көс; ешкіге қатысты шөре-шөре; итке қатысты кә-кә, айтақ-айтақ; мысыққа қатысты пырс,т. б. одағайлар қолданылады. Одағай сөйлем басында да, ортасында да, соңында да кездеседі. Соған байланысты одағайға қойылатын тыныс белгілер төмендегідей:1.Одағай сөйлем басында келсе, одағайдан кейін үтір қойылады. Мысалы, Пай-пай, туған жер қандай ыстық! Құрау-құрау, кер бесті! 2.Одағай сөйлемнің ортасында келсе, одағайдың екі жағынан да үтірқойылады.Мысалы, Далаға шықсам, ойпырай, батыс жақ от болып жанып жатқандай... 3.Одағай сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Мысалы, Осы алған бетіңнен танба, бәрекелді! Көз жасыңды көрсетпе, тәйт! 4.Кейбір жағдайда одағай қатысқан сөйлем соңына леп белгісі қойылады. Мысалы:Қазақстан! Пай, пай, пай, ардағым-ай!Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай. 5.Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады. Мысалы, Паһ-паһ!Сөз деп осыны айт!
(22 баллов)