Зат есім қалай жасалады

0 голосов
129 просмотров

Зат есім қалай жасалады


Қазақ тiлi (137 баллов) | 129 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ
 Зат есім Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім (имя существительное) деп аталады. Мысалы: адам (кім?), оқулық (не?).Зат есім жалпы есім (имена нарицательные) және жалқы есім (имена собственные) болып екіге бөлінеді.Заттардың даралап, жекеленген түріне ғана қойылатын ерекше аты жалқы есім деп аталады. Мысалы: Ербол, Айнұр т.б. Жалқы есім, әдетте, жеке кісінің аты-жөні, мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, көше, ұйым, мекеме, зауыт, фабриканың жеке аттары, географиялық (жер, су т.б.) атаулар, әртүрлі шығарма (газет, журнал, кітап, ән, күй, би т.б.) аттары  болып келеді.Біркелкі заттардың жалпы атауы жалпы есім деп аталады. Мысалы: қала, адам, оқушы, көл, ағашЗат есімнің жасалуы. Зат есімдер негізгі (корневые), күрделі (сложные), туынды (производные) болып 3-ке бөлінеді.Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалған зат есімдер негізгі зат есім деп аталады. Мысалы: кітап, дәптер, адам.Зат есімдер бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы жасалады. Олар күрделі зат есімдер деп аталады. Мысалы: өнеркәсіп, ата-ана, Арал теңізі т.б.Басқа сөздерден жұрнақ арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз.Зат есім тудыратын жұрнақтар:1)          есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар:-шы, -ші: етік+ші, балық+шы, аң+шы т.б.-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: жақсы+лық, дос+тық, шын+дық т.б.-ша, -ше: бөлім+ше, кітап+ша, маңдай+ша т.б.-шық, -шік: ойын+шық, үй+шік т.б.-хана, -стан, -кеш: дәрі+хана, кітап+хана, Қазақ+стан, арба+кеш т.б.2) етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар:-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: бөл+ме, тоқы+ма, кес+пе т.б.-ым, -ім, -м: бөл+ім, біл+ім, тоқта+м т.б.-қы, -кі, -ғы, -гі: шап+қы, бұр+ғы, сүз+гі, ашыт+қы т.б.-ыс, -іс, -с: жең+іс, айт+ыс, тала+с т.б.-ық, -ік, -қ, -к: қаз+ық, көр+ік, сұра+қ, тіле+к т.б.-ыш, -іш, -ш: қуан+ыш, өкін+іш, қызған+ыш т.б.-уыш, -уіш: тырна+уыш, еле+уіш, түйре+уіш т.б.
(199 баллов)