Абақтың мақсаты: Білімділік: балаларға салт өлеңдерінің маңыздылығын түсіндіру; сал дәстүрлер туралы әңгімелеу Дамытушылық: оқушылардың көркем әдебиеттi оқуға деген ынтасы мен ықыласын арттыру, сөздiк қорын, логикалық ойлау, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту; Тәрбиелік: ұлттық сананы қалыптастыру, салт-дәстүрді қадірлей білуге, жоғалтпауға тәрбиелеу; Көрнекіліктер: салт-дәстүрлер бейнеленген суреттер; өлеңдер жинағы т.б Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу 2.Қызығушылықты ояту сатысы 3.Кезекшімен жұмыс ІІ.Жаңа сабақ: Тақтада ілініп қойылған суретер арқылы сабақ бастау. Салт-дәстүрлер Қыз көру «Қыз көру» (салт). Кейде «қыз таңдау» деп те аталады. Салт бойынша белгілі кісілердің балалары немесе өнерпаздар , сал-сері жігіттер өзіне лайық қыздарды ел ішінен өздері таңдаған. «Пәлен жерде жақсы қыз бар» дегенді естіген жар таңдаған жігіттер өнерлі дос-жолдастарын ертіп қыз аулына барады. Қазақта «Қызды кім көрмейді, қымызды кім ішпейді» деген мақал қыз іздеген жігіттерге жол ашады. Ондай жігіттерге ешкімнің наразылық білдіруге, тосқауыл жасауға қақысы жоқ. Керісінше жігіттерді салтанатпен қарсы алған. Ауылдың бойжеткен өр мінезді, еркін қыздары мұндайда «қыз көретін жігітті біз көрелік» деп белсене шығып, жігіттермен өнер сынасқан. Жігітке олар да сын көзбен қарап, өз ойын ашық айтқан. Бір-бірін сынаған қыз-жігіттер айтысқа түскен. Осыдан кейін ұнатқан жастар сөз байласып, жігіт жағы құда жіберген. Демек, жігіт пен қыз бір-бірін ұнатқан жағдайда да құдалық жолы жасалған. Олай болса, бұрын да қыз-жігіттің ұнатып, сүйіп қосылған кездері болған. Әрине, қазақ салтында «қыз көру» үнемі бола бермеген.Оған аты белгілі адамдардың балалары мен жігіттердің ғана қолы жеткен. Бата аяқ «Бата аяқ» (салт) Құда болған кісі екі жақтың келісімінен кейін жігіт әкесі қыз аулына келіп «бата аяқ » өткізеді. Кейде мұны «сырға тағар» деп те атайды. Осы жолы екі жақ тойды өткізу мерзімі, кәде-жора, қалың мал жөнінде келіседі. Мұны бата, келісуді «баталасу» дейді. Батаның екі түрі бар: 1. Кесімді бата жасау, мал мөлшері, той уақыты, шығын мөлшері: алыс-беріс, келу-кету 2. Кесімсіз бата – мал саны, мүлік мөлшері кесілмейді.Жағдайға, уақытқа қарай кейін белгіленеді. Айтыс Айтыс (дәстүр, өнер) Айтыс - әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын , той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойларына жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Айтыстың түрлері де көп. Айтыс – ақынның талантын шыңдайтын үлкен өнер жарысы. Әмеңгерлік Әмеңгерлік (салт) Халқымыздың бұрынғы салты бойынша күйеу қайтыс болғанда оның жесірі “ерден кетсе де, елден кетпек жоқ”, “аға өлсе, іні мұра” деген қағидамен әмеңгерлік жолмен күйеуінің аға не інісінің біреуіне өзінің таңдауы бойынша тұрмысқа шығады. Бұл дін жолымен де негізделген. Жесірді басқа жаққа жібермеудің бірнеше әлеуметтік маңызы бар. Біріншіден, әйел де, оның балалары да туған-туысынан бөлінбейді, ру, ел қауымдастығында бірге тәрбие алады. Өмірде, тұрмыста қағажу, қиындық көрмейді. Екіншіден, жесірдің кетуі сол елге үлкен мін саналған. Бата (бата беру, бата алу) ( дәстүр ) Бата – ақ тілеудің белгісі. Ол кез-келген жерде айтыла бермейтін қасиетті ұғым. Ең жақсысын халық “ақ бата” деп қастерлейді. Батаның бірнеше түрлері бар: - Жас талапкерге бата - Дастарқанға бата - Алғыс батасы - Жаңа айдың батасы - Наурыз батасы Теріс бата -бұл – бата деп айтылғаны болмаса, қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай бата сенімді ақтамаған, өзіне қолы, тілі тиген баласына әкесінің қолын теріс жайып берген батасы. Батаның бұл түрі ел ішінде өте сирек қолданылған және ол атадан балаға ұмытылмайтын таңба болып қалған. Атаның теріс батасын алғандарды халық та жек көрген. Арыздасу (ғұрып). Бұл өмірден өтіп бара жатқан адам соңғы сағатында туған-туысқандарымен, бала-шағасымен соңғы рет тілдесіп, олармен қоштасады. Қатесі болса, кешу сұрайды. Өсиетін, арманын айтады. Бүкіл ел-жұртымен, туған елімен қоштасады. Арыздасу – тірі адамның соңғы тілеуі, ақырғы сөзі. Мұны өлім сәті таянғанын сезген әр адам есі, тілі барында айтып қалуға тырысады. Мұнда ауру жанында отырған адамдар «бақұл бол», «қияметте кездесейік» деп көзіне жас алады. Сүйінші (салт) Қуанышты хабар хабар жеткізушіге үй иесі «қалағаныңды ал» дейді немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл шын қуанудың , ризалықтың белгісі. Көптен күткен күнге жеттік біз дағы, Тәуелсіздік ата-баба арманы. Қандай елмін бүгін міне, көр мені, Алаулайды мүмкін емес сөнбегі. Тойланып мың мереке, ұлыс күні, Құйылған шаңырақтан ырыс нұры. Халқымның бақыты үшін аз байлық па, Тәуелсіз еліміздің тыныштығы. ІІІ.Қорытындылау ІV.Бағалау. V.Үйге тапсырма:
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/2024-salt-ashyk-sabak.html