"Әке мен бала" мазмұндама

0 голосов
68 просмотров

"Әке мен бала" мазмұндама


Қазақ тiлi (14 баллов) | 68 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Жылулық шеңбері
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, жер ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.
Өткен тақырыпқа шолу

Ойын
«Табиғат құбылысы»

Ыбырай Алтынсарин (портреті)

Қостанай облысында дүниеге келген
Әліппе жазған
Балалар әдебиетінің атасы
Алғаш мектеп ашқан
ағартушы
ұстаз
жазушы

Ой қозғау
Мәтінмен жұмыс
Әке мен бала
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың ескі тағасын көріп, баласына:
- Анау тағаны, балам, ала жүр, - деді.
Бала әкесіне:
- Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын, - деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі алды да, жүре берді.
Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан сол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір - бірлеп алып жеп баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма - жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, онан біраз өткен соң бір шие, сонымен әр жерде әкесінің қолынан түскен шиені оншақты рет иіліп жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап, баласына шиені орамалымен беріп тұрып:
- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын, аз жұмысты қиынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең - көптен де құр қаласың, деді.

Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Екі қолды созамыз.
Оңға, солға бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып аламыз.

Ой толғау
«Ұяшық таңдау» ойыны
1. Шығарма не жайында?
2. Баланың істеген ісі дұрыс па?
3. Баланың әкесі дұрыс істеді ме? Неге?
4. Сендер әкелеріңнің тілін аласыңдар ма?

5. Қорытынды
Әке:
Үлкен кісі
Тағаны алады
Ақылды адам
Шие сатып алды
Еңбектенді

Бала:
Жас бала
Алғысы келмейді
Ақылсыз бала
Шие сатып алмады
Еңбектенбеді

(36 баллов)