Напишите сочинение про Толе Би ** казахском языке

0 голосов
67 просмотров

Напишите сочинение про Толе Би на казахском языке


Қазақ тiлi (153 баллов) | 67 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Вот держи Төле би (1663-1756)XVIII ғасырдағы ұлы тұлғаның бірі – Үйсін Төле би. Ол Әз Тәукенің тұсында «Жеті жарғы» атты заң жобасын жасаған қоғам қайраткері, ел ағасы. Төле Әлібекұлы қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Қазақ шежіресінде: Дулаттан Жаныс, одан Жарылқамыс, Жарылқамыстан Жанту би, одан Жайылмыс би, одан Құдайберді би («Тоғыз ұлды Құдайберді» деп те аталады). Сол тоғыз ұлдың бірі Әлібектен Төле би туады. Төле жастайынан ескіше оқып сауатын ашады. Арабша, парсыша тарихи кітаптарды, аңыз, хисса-хикаяларды көп оқиды. Бір жағынан қазақтың аңыз-әңгіме, өлең-жырларын, шежіре-тарихтарын ел арасынан тыңдап, әсіресе өзінің бабалары Жанту, Жарылқамыс билердің кесімді, тапқыр, өнегелі нақыл, шешен сөздерін ойында сақтап өседі. Төленің әкесі Әлібек те сөзге ділмар шешен би болған кісі. Төле бала әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды. Он бес жасынан ел билігіне араласып, өзінің ақыл, парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі. Ол жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп отырған Әнет баба ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ» дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады.
- Балам, мынаны сындырып көрші?
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? – Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт еткізіп, оп-оңай сындырып береді. Әнет баба:
- Бұдан не түсіндің, балам? – дейді.
Сонда Төле бала:
- Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.
- Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы,- депті. Төле би Орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биі Әйтеке Бәйкенұлымен бірге қазақ ханы Әз-Тәукенің басты кеңесшісі болды. Төле бидің басшылық, шешендік дарыны Қазақ хандығы жойқын қолмен шабуылға шығып, қазақ халқын қырғаны, қалғанын «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұшыратқан кезде айқын көрінді. Ол сол кездегі қазақтың белгілі батырлары – Қабанбай, Бөгенбай, Ханкелді, Өтеген, Жәнібек батырлармен бірыңғай халық майданын құрып, азаттық күресін басқарады. Қазақ жерін басқыншылардан азат етуге басшылық етеді. Ел аузында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар мен ертегі-әңгімелер сақталған. Оның атымен байланысты толып жатқан нақыл, мәтел сөздер, билік-келісімдер халық арасында кең тараған. Төле би өзі билік еткен Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында көпшілік пайдаланатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан. Төле бидің басшылығымен (XVIII ғасырда салынған) ескі Ташкент қаласындағы Төле би (Қарлығаш) мавзолейі осы күнге дейін сақталған. Төле бидің есімі тек Ұлы жүзге ғана емес, сондай-ақ Орта жүз бен Кіші жүздегі ірі-ірі тарихи оқиғалармен де тығыз байланысты. Сол үшін де Орта жүз бен Кіші жүз қазақтары арасында да ол жөнінде аңыз-әңгіме, өлең-жырлар көп сақталған. Демек, ол тек Ұлы жүздің ғана ру басы, төбе биі болып қоймай, бүкіл қазақ елінің саяси, мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілген адам. Төле би Әлібекұлы туралы тарихи құжаттар осындай аз ғана дерек қалдырса, қазақ ауыз әдебиетінде ол жөнінде ертегі, аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер өте мол. Олардың көпшілігінде Төле ақылды, әділ, шешен әрі халық қамын ойлаған қайраткер бейнесінде суреттеледі. Шынында Төле би өз заманының ақылды, білімді, парасатты адамы болған. Аңыздардың айтуынша Төле орта бойлы, сымбатты, нұрлы кісі болған. Әулие-Ата маңында туғанымен көбінесе Ташкент төңірегінде, Жиделі-Байсын жерінде, Сыр өзені бойында көшіп-қонып жүрген. Көп тұрған жері – Шыназ (ескі Ташкент), сол жерде қайтыс болған. Сүйегі Ташкенттегі Шайхан-тәуірде, мешіт түбінде жерленген. Төле би Әлібекұлы – Ұлы жүзді басқарған, қазақ хандығын мемлекеттік деңгейде нығайтысып, заңын жасасқан белгілі қоғам қайраткері, 1723-1730 жылдардағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының азаттық күресін бастаушылардың бірі. Қазақ елінің бауырлас, көршілес елдермен татулығын жақтаған, елімізде халықтар достығын қалыптастыруға өзіндік үлес қосқан көреген мәмлегер. Сондай-ақ, ол артына аталы сөз, үлгілі өнеге-өсиет қалдырған, өзінің даналық, тапқырлық әділ биліктерімен, шебер, көркем сөздерімен халық әдебиетін дамытқан, байытқан дарынды шешен, кемеңгер ойшыл.

(46 баллов)