Өтінемін маған Сәкен Сейфуллинның "Көкшетау" өлеңін тауып беріңіздерш,

0 голосов
78 просмотров

Өтінемін маған Сәкен Сейфуллинның "Көкшетау" өлеңін тауып беріңіздерш,


Қазақ тiлi (16 баллов) | 78 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп
Жүреді біліп кетіп есен-сауын
Сексен көл Көкшетаудың саясында
Әрқайсы алтын кесе аясында
Ауасы дертке дауа, жұпар иісі
Көкірек қанша жұтсаң - тоясың ба?
Ырғалған көкке бойлап қарғайы
Қасында көк желекті әппақ қайың
Жібектей желмен шарпып төңіректі
Балқытып мас қылады иіс майың
Көкпеңбек құз басынан мұнар кетпес
Басына атсаң-дағы оғың жетпес
Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан
Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес

(54 баллов)