Картопты қуыру.
Қажетінше картопты алып, оны қабығынан тазартасыз. Одан кейін тазаланған картопты шайып алып, оны ұзынша кесектерге жұқалап турайсыз. Табаға майды құйып, қыздырып, картопты саласыз, отты қатты қойып бес минуттай қалдырасыз, қызылдау қабықша болған кезде араластырып, астын орташа етіп қақпағын жабасыз, бес минуттан соң картопты тұздап, астын баяу етіп қақпағын жауып қоясыз. Бес минуттан соң сөндіріп, екі-үш минутқа қалдырыңыз. Картоп дайын.