Қазақ халқының әдебиетінде елеулі орын алатын ақынның ө Дулат Бабатайұлы.
Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданындағы Сандықтас деген жерде дүниеге келген. Кішкентай күнінен зерек болып өскен ақын сауатын мұсылманша ауыл молдасынан ашып, арабша хат таниды. Ақындық өнері ерте оянған Дулат өзунен бұрынғы ақын-жыраулардың мұраларынан сусындап өскен. Ақын туып-өскен жер ақындық өнерді ерекше қастерлеген аймақ болған. Сонымен қатар ескі тарихи аңыздар мен эпиқалық жырлардың ортасы болған қасиетті өлке де ақынға өз ықпалын тигізген.