Пожалуйста помогите мне!!!3 загадки про еду ** казахском!

0 голосов
60 просмотров

Пожалуйста помогите мне!!!3 загадки про еду на казахском!


Қазақ тiлi (38 баллов) | 60 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Үсті тас, асты тас, Ортасында піскен ас. /Таба, нан/. Үсті темір, асты темір, Ортасын ал да кемір. / Таба, нан/. Былқ-былқ ,былқ семіз, Қабырғасы жоқ семіз. /Қамыр/. Бар еді бір жұмбағым егін емес, Кісінің егейін десе ебі келмес. Барлық ел,елаттарға тегіс бірдей, Көтерсең ешнәрседен жеңіл емес. /Тұз/. Өзі аппақ қардай, Шайға салсаң балдай. /Қант/. Бір қазанның ішінде екі түрлі ас. /Жұмыртқа/. Кішкене ақ шыныда екі түрлі су. /Жұмыртқа/. Бір құдықтың екі алуан суы бар-ды, Қайнатса оның суы мұз болады. /Жұмыртқа/. Әуеден айнала ұшқан бөдене екен, Бөденені біреу атып жеген екен, Еті арам, сорпасы адал немене екен? /Шай/. Қаршығам өзі қансыз қолда қонар, Қиын жерден қуанып ауыз толар, Мен өзім қаршығамнан дән алыппын, Шешуі бұл жұмбақтың қандай болар? /Кесе, шай/. Бір жерде бар дейікші сары бұлақ, Мақсаты адамзатқа нәсіп болмақ. Тып-тыныш өз жайымен тұрмаған соң, Байлаған екі жақтан тесіп құлақ , Ойнақтар ор текесі ортасында, Денесі басқалардан ұзынырақ. /Қымыз, саба, піспек/. Сылдыр сұйық, анады, Ақ болса да қар емес, Шешуін кім табады? /Сүт/. Жалғанда бір құдық бар суы тәтті, Қауғасын бес бәйтерек мықтап тартты. /Емшек сүті , бес саусақ/. Қырымда бір құдық бар суы батпан, Сол суы шілде күні мұз боп қатқан. Сіресіп ба уырдай боп қатқан мұздың, Бетіне бетегесі шығып жатқан. /Айран/. Әрі сусын, әрі дәрі , Емге ішеді жас пен кәрі. Малдың сүті ,елдің құты, Деп бағалар жұрттың бәрі . /Қымыз/. Шиге жайып кептірген, Өзі қышқыл, түсі ақ , Сорсаң дәмді, түсі ақ , Жаңғақтай-ақ домалақ. /Құрт/. Мың қойым суға жүзеді, Қойшысы бірге жүзеді. /Көже мен шөміш/. Кішкентай құдығымның суы тәтті. /Жіліктің майы/. Асты тақтай, үсті тақтай, Арасында асыл мақтай. /Жіліктің майы/. Дастарханға түспейді, Қазанда піспейді , Дәмі аузынан кетпейді . /Ана сүті/. Ашылмайды қабағы, Әркімнің де тамағы. Ашуланса болады, Ұлпадай жұмсақ жабағы. /Тоң май/. Алтын алдым жапырақ , Жатқан жері топырақ, Алтынменен аптаған, Күміспенен қаптаған. /Өсімдік майы/. Аппақ қардай, Дәмі балдай . /Балмұздақ/. Қол ауызға берді , Ауыз жауызға берді , Жауыз ирек жол арқылы Барлығын қазынаға берді. /Ішкен тамақ/. Дегенде емен екен, емен екен, Мен көрсем емен жолы төмен екен. Білімді ақын болсаң мен айтайын, "Құраннан” бір жас үлкен немене екен? /Нан/.

(26 баллов)