Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар.Тұрмыс-салт
жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен
саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне
байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер
де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт
түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда
ежелгі адамдардың еңбекөлікәсібі, түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың
жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, “Қамбар ата”, “Шопан ата”, “Зеңгі баба”, “Ойсыл қара”, “Шекшек ата”, т.б.Түркі халықтарының
тұрмыс-салт жыры тақырып, мазмұн, түр, жанр жағынан ұқсас келеді.
Мысалы, нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, дүниеден қайту, жаңа жыл
салтанаты, еңбек мерекесі, т.б. дәстүрлі салттар түркі халықтарында
өлең-жырсыз өтпейді