Казакша ұзақ ертегілер 10 астам

0 голосов
92 просмотров

Казакша ұзақ ертегілер 10 астам


Қазақ тiлi (68 баллов) | 92 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
ТАПҚЫР БАЛА
  Бұрынғы заманда бір ханнын адам тілін білетін қырық есегі болыпты. Хан есектерін көзден таса жерде ұстап, сөз үйретеді екен. Содан кейін барып, еліне  жар салады:
— Кімде-кім менің қырық есегімен отын әкеліп беретін болса, қызымды беремін. Отын алып келе алмаса — басын кесемін. Әуелде хан есектерінің сырын білмеген талай адам,есекпен отын әкеп беріп қыз алмақ болып, отын алып келе алмай, әуреге түседі. Талай адамның басы кесіледі. Сөйтіп, кім отын әкеліп беруге келіссе, хан есектеріне арнайы тапсырма беріп жібереді.
—Отынға барған соң, сендер айдағанға көнбендер. Біреуің орындарыннан қозғалмай тұр да, біреуің қозғалмай жатып ал. Бірің жүрсең, бірің жүрме. Осы айттқанды орындамасандар бәрінді қырамын! Хан осылай қорқытады. Есектер ханның жарлығын амалсыз орындайды. Таяққа да, қамауға да жан үшін шыдайды. Күндердің бірінде бұл хабарды сол елдегі тапқыр,амалшыл бір жетім бала естиді. Ханның аллдына келіп, отын әкеліп беруге әзір екенін мәлімдейді.
—Уәдеңізде тұрасыз ба, тақсыр, қырық есегіңізбен отын әкеліп беремін!— дейді бала. Хан мысқылдай күледі.
—Мықты болсаң, алып кел! Бала ханның қырық есегін алдына салып алып, тыпырлата айдап, отын әкелуге кетеді. Тауға барып, отын жинайды да, оны қырық есекке артады. Содан кейін айдаса, есектер жүрмейді. Ыңыранып жата-жата кетеді. Бірін тұрғызса, екіншісі жатады. Бала әбден әбігерге түседі. Сөйтіп жүріп, күнді батырады. Бала олай ойлайды, былай ойлайды. Ақыры бір амал табады.
—Ойбай, қасқыр қаптады. Караңғы түнде сендермен әуре болып жүріп, басымды қаскырға мұжытпайын!— деп тұра қашады. Есектер де шоши бастайды. «Қасқырдың аузына түсіп, мылжаланып өлгенше, ханның өзі-ақ бауыздап өлтірсін!» деп тіл білетін есектер дүркіреп үрке жөнеледі. Табандары жерге тимей, жорта жөнеледі. Бәріне отын артылған. Құлақтарын қалқита, пысылдай пысқырынып, аулаға топырлай кіреді.
— Тақсыр хан, отынды түсіріп, есектеріңізді қораға қамап қойдым,— дейді бала. Хан қара терге түскен есектерін, үйіліп жатқан отынды көріп шошып кетеді. Сөйтіп, тапқыр бала айлакер ханды отырғызыпты.

(73 баллов)