Казакстанды жер бедерінің кандай турлері кездеседі

0 голосов
57 просмотров

Казакстанды жер бедерінің кандай турлері кездеседі


География (12 баллов) | 57 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Қазақстанның геологиялық құрылымы

Қазақстан Шығыс Еуропа платформасының оңт.-шығыс шетін (Каспий маңы синеклизасын) және Орал-Моңғол қатпарлы белдеуінің батыс бөлігін алып жатыр. Қатпарлы белдеу өзінің оңт.-батысында Тұранойпатына (тақтасына) жалғасады.Тақтаның (плитаның) мезокайнозойлық тысының астынанМұғалжар мен Қаратаудың (Маңғыстауда) палеозойлыққұрылымдары шығып жатады. Бұлардың шығысындағы Қазақстанның таулы-қатпарлы бөлігінде Орт. Қазақстан палеозойлық массиві – Сарыарқаны, бірнеше қатпарлы жүйелер мен облыстарды (Шыңғыс – Тарбағатай, Обь – Зайсан және Алтай – Саян қатпарлы облыстарының қазақстандық бөліктері), Солт. Тянь-Шань мен Жетісу Алатауының ендік бағытқа жуық альпілік белдеулерін ажыратуға болады. Каспий маңы синеклизасы (ойпаңы) үш бөлікке жіктелген шөгінділерден тұрады. Төм. бөлігі қалыңд. 13 км-ге дейінгі рифей мен төм. және орт. палеозойдың құмды-тақтатасты, сазды, карбонатты-терригендік қат-қабаттарынан, орт. бөлігі кунгур ярусының (қалыңд. 5 км-дей) тұзды сериясынан, беткі жағы жоғ. пермь-мезозойдың теңіздік, континенттік шөгінділерінен (4 – 6 км) құралған.

(30 баллов)
0

раха