Қатысушылар бес кезеңде: оқып жатқан топтарын таныстыру, өз
тұжырымдамасын қорғау, мектептерін Ақордаға айналдырып, мәртебесін
көтеру, салып келген суреттерінің мағынасын ашу, қойылған сұрақтарға
жауап қайтару, мақал-мәтелдерді жалғастыру бойынша білімдерін танытып,
бақтарын сынады. Нәтижесінде Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының
оқушысы Сағыныш Абаеваның тобы бірінші, Абылай хан атындағы орта
мектептің оқушысы Нұрболат Балапановтың тобы екінші,М.Әуезов атындағы
мектеп-гимназиясының оқушысы Жолдасбек Амандостың тобы үшінші орындарды
иеленсе, С.Сейфуллин және Абай атындағы орта мектептерден келген Ержан
Назгүл мен Диана Көшербаеваның топтары ынталандыру сыйлықтарына ие
болды. Барлық жеңімпаздар Алғыс хаттармен марапатталды.
Кеш соңында сөз алған Қ.Оралбеков:-Меніңше, көшбасшы болуды
армандамайтын жастар жоқтың қасы. Бауыржан атамыз: «Генерал болуды
армандамаған солдат солдат емес» дегендей бүгінгі саяси додада өз
білімдерің мен өнерлеріңді көрсеттіңдер.
Лапылдап, жалындап жаныңдар,
Ақылды, білімді, жігерлі болыңдар.
Осы жарыстан кейін әрқайсыларың,