Қазақ
күй өнерінің саңлағы, рух жебейтін құдіретті күйлері қазақтың қиыр даласының
төрт бұрышында орындалатын Құрманғазы – күллі елге ортақ тұлға, өнер абызы. Ол өзінің өзгеге ұқсамайтын асқақ әуенімен ауыл
арасынан шығып, аймағына, алыс-жақынның бәріне құдіретті әуен асқақтығын
жеткізіп, дүйім жұртты дүр сілкіндірді.Ақтаудағы жаңа ескерткіш бабаға – құрмет, болашаққа
сый. Күйші-сазгер,
домбырашы, аспапты халық музыкасының классигі Құрманғазы Сағырбайұлының еңселі
ескерткішінің ашылуы рухани байлығы мол өткенімізді, өткенді қадірлей білетін
ізгілігімізді танытқан тағылымды шара болды.
Маған Балбырауын күй ұнады, себебі күйде өте ғажайып әні бар. «Балбырауын» деген күйді Құрманғазы Браун деген әлде графтың, әлде дворянның балына арнап шығарған екен деген сорақы «тарихты» таратып жүргендер де – осындай өзі де, сөзі де будандастырылып кеткен қазақтар. Шындығында, ол кәдімгі «балбырау», «балбырату» дегенді ғана білдіреді. Құрманғазы мен үшін өте дарынды күйші,сазгер ,домбырашы. Ол біздің есімізде мәңгілікке калған.