Сөзжұмбақ түрлері өте көп екені белгілі, олар көбінесе жасау жолдары бойынша ерекшеленеді. 1-сынып оқушылары үшін сөзжұмбақ жасаудың ең жеңіл түрі ұсынылады. Бұл – сөзжұмбақ алаңына толтырылған әріптер арасынан жасырылған сөзді табу. Сөзжұмбақтың мұндай түрі «филлворд»деп аталады. Бұл сөзжұмбақты жасаудың да бірнеше жолдары бар. Сондықтан ең жеңіл жолын таңдаған жөн. Бұл – сөзжұмбақта жасырылған сөздерді айналасындағы суреттер бойынша табу (бояп көрсету). Ол үшін мұғалім оқушыларға өткен бөлім бойынша сөзжұмбаққа жасыруға ыңғайлы болатын бес-алты сөзді тақтаға жазып қояды. Оқушыларға көлденеңінен және тігінен он торкөзден тұратын дайын сөзжұмбақ сызбасы таратылады. Оқушылар осы торкөздерге тақтада жазылған сөздерді тігінен немесе көлденеңінен орналастырып жазып шығады. Бос қалған төркөздерге кез-келген басқа әріптерді толтырады. Содан кейін сөзжұмбақтың айналасына жасырылған сөздердің суретін салады немесе қиып алып жапсыруларына болады. Сөзжұмбақты оқушылардың өздеріне жасату олардың шығармашылық түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сөзді әр торкөзге бір-бір әріптен жазу арқылы оқушылардың бұл сөзді тезірек есте сақтауына мүмкіндік туады, олардың суретін беру жасырылған сөздерді бейнелі түрде есте сақтауларына зор ықпал етеді. Төменде бірінші бөлім бойынша таңдап алынған сөздерді (олар белсенді сөздік қорға енетін және суретті түрде беруге жеңіл болатын сөздер болуы қажет) сөзжұмбаққа жасыру үлгісі ұсынылған.Бірінші қадам: сөзжұмбақта жасырылатын сөздер тізбегімен таныстыру (кітап, доп, қызыл, үш , тоғыз)Екінші қадам: сөзжұмбақ сызбасын тарату.Үшінші қадам: дайын сызбаға сөздерді жазып шығу.