.Цирк дегеніміз- адамдарға,балаларға көтерңкі көңіл-күй сыйлайтын мәдениетті орын.Циркте күлегештер,сайқымазақтар,әр түрлі жабайы аңдар неше түрлі өнер көрсетеді.Олардың өнерлеріне таң қалмайтын адам болмайды.Біздің елімізде де цирк өнері дамып келеді.Астана және Алматы қалаларында үлкен цирк орталықтары бар. Балалар ойланады,жауабын табады.
ҚАЗАҚ ЦИРК ӨНЕРІ – сахналық-эстрадалық өнер саласы. Өз бастауын көшпелі өмір салтынан, мал ш-мен байланысты тұрмыс-тіршілігінен алады. Ат құлағында ойнап өнер көрсету, айтар ойды ыммен білдіріп, түрлі дене қимылдарымен жұртты күлдіру, салдық құрып, ел аралау, қуақы, әзіл-әжуа сөздермен көпшілік көңілін көтеру, бақсылық құру, т.б. салт-жораларда цирк өнерінің алғашқы нышандары көрініс берді. Мініс атын тек көлік ретінде пайдаланып қоймай шабандоздар оған сан алуан қозғалыс-жүрістер жасатқан. Шауып келе жатып, ат үстінен найза, қылыш, шоқпар сермеп, садақ тарту, қарсыласымен жекпе-жекке түсіп, алысып-тартысу, жау оғын дарытпау үшін оқыс еңкейіп, атының бауырына түсу, жерге түсіп кеткен құралын ат үстінен еңкейіп, іліп алып кету, т.б. соғыс өнерінде қолданылатын әдіс-тәсілдерге үнемі машықтанып, меңгеру жаугершілік замандағы ел қорғаны ерге тән қасиет еді