Астана (бұрынғы Целиноград, бұдан бұрын Акмолинск) Қараөткел жерiндегi Есiл өзенінiң жағасында орыс-қазақ әскерлерiмен 1824 жылы әскери бекініс болып салынған. Қала өткiзген жәрмеңкелерімен кең танымал болды. Қазақстан, Ресей және Орталық Азияның барлық аймақтарынан саудагерлер осында келетiн.
Астана өткен жүзжылдықтың 60-шы жылдары Солтүстік Қазақстанның тың жерлерін игеру арқылы өзінің жаңа дамуын алды. 1955 жылдың наурызында бұл жерге тың жерлерін игеруi үшiн бір топ жастардың пойызы келдi. Қаланың атауын Целиноградқа өзгертiп, аграрлық аймақтың әкiмшiлiк орталығы атағына ие болды.
Қаланың өнеркәсiбi агроөнеркәсiптiк машина жасаумен, азық-түлiк индустриясы, ауылшаруашылық материалдарын өңдеу, көлiк саласымен танымал болды.
Аймақтың ауа-райы ұзақ, қарлы қыстарымен ерекшеленеді. 40°С дейiн төмендеумен, қаңтар айындағы орташа температурасы 14 C - 18 C құрайды. Көктем кеш шығады, бiрақ өте көркемді. Әдетте көктем мезгілі наурыз айының соңында басталады. Бұл уақытта дала айрықша көркем көрiнедi, жазықтар иристармен және қызғалдақтармен жамылады. Астанадағы жаз шамалы ыстық, жиі жаңбыр жауады. Шiлде айында орташа температура 20-24°С ыстық.