Әсел мен Айнұр сурет салғанды ұнатады. Суретті олар тамаша салады. Əсел сабақтан шыққан соң Айнұрдың үйіне барады. Айнұрдың үйінде олар отырып сурет салады. Олар көбіне табиғатқа қатысты сурет салғанды ұнатады. Айнұрдың бақшасында керемет алмалар өсіп тұрады. Айнұр сол алмаларды үлкен тəрелкеге салып алып келді. Айнұр бір алманы өзі жеді, бір алманы Əселге берді. Олар алма жеп, сурет салуды жалғастырды