Оқып шығып ,ашық райдағы етістіктердің қай шақта тұрғанын көрсетіңдер Үлгі:сүйреп...

0 голосов
119 просмотров

Оқып шығып ,ашық райдағы етістіктердің қай шақта тұрғанын көрсетіңдер
Үлгі:сүйреп келеді-ауыспалы осы шақ
Қашып шыққан соң
Лагерьден шанамен дырылдатып сүйреп алып келеді.Қалың қарға көміліп шанада жатырмын.Қардың үстінен қар тасыған австриялық тұтқын солдат басып отыр.Мойынымды,кеудемді,белімді ауыр салмақ шанаға жаныштай түседі.Күшімді жиып,денемдіақырын қимылдатып қоямын.Деміммен еріген қар суы тамшылап мойныма,бетіме ағып жатыр.
Әлден уақытта шана бір бұдырмақтан ыршып кеп тоқтады.Австриялық тұтқын солдат шанадан түсіп,шананы аударып,қарды төкті.Мен қармен бірге домалап жерге түстім.


Қазақ тiлi (231 баллов) | 119 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Жатырмын - жалаң нақ осы шақ
басып отыр - күрделі нақ осы шақ
жаныштай түседі - ауыспалы осы шақ
қимылдатып қоямын - ауыспалы осы шақ
ағып жатыр - күрделі нақ осы шақ
тоқтады - жедел өткен шақ 
төкті - жедел өткен шақ
түстім - жедел өткен шақ

(2.0k баллов)