Асан - байдың баласы. Үсен - кедейдің баласы. Олар тау жақта ойнапты. Сол кезде ауылдары басқа жерге көшіп кетіпті. Екі бала өз отбастарынан қалып қойыпты. Асан жылай бастады. Ал Үсен оны жұбатып: "Біз аулымыздың іздерімен барамыз", - депті. Олар келе жатып қазды көріпті. Асан айтыпты: "Ана қазбен ойынақ". Оған Үсен: "Онымен ойнауға болмайды. Олар біздің достарымыз. Оларды тек қажет ьолған кезде жеуге болады", - деп жауап беріпті. Біраз жер жүрген соң жол екі жаққа бөлінді. Үсен: "Жаңа тезек түскен жолмен барамыз", - депті. Олар сол жолмен барып малды көреді. Жақын жерде ауыл болыпты. Ол ауылда екі баланың ата-аналары болыпты. Олар өте қуанды.