Мне нужно изложение 6-го класса по казахскому языку называется Мұз айдыны

0 голосов
53 просмотров

Мне нужно изложение 6-го класса по казахскому языку называется Мұз айдыны


Қазақ тiлi (22 баллов) | 53 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов
Правильный ответ

Ж

арыс түске таман басталды. Жалтыраған мұз айдынында әр жерден кішкене қызыл жалауша – белгілері көрінеді. Топ-тобымызбен жаттығып‚ сырғанап көрдік. Содан кейін мұз алаңында шайбалы хоккейдің ойыншылары аз ғана жаттығулар жасады.

Жарыс алдында аудандық оқу бөлімінің жауапты қызметкері жиналған спортшы-оқушылар алдында сөз сөйлеп‚ аудан оқушыларының қысқы спорт түрлерінің жарысын ашық деп жариялады. Ду қол шапалақтап‚ қарсы алдық. Содан кейін бас төреші әр түрлі қашықтағы жарысу тәртібімен жеңімпаздарға берілетін сыйлықтар‚ мақтау қағаздары берілетінін хабарлады.

Оқушылар тықыршып‚ жарыстың ашылуын асыға күтіп тұр. Бізді ертіп келген дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мизам ағай мен тәрбиеші Айжарық ағай соңғы нұсқаулары мен ақыл-кеңестерін берді.

 Алғашқы жүз метрлік қашықтыққа аудан мектебінің екі оқушысымен біздің Сүйеген сайысқа түсті. Әп дегенде Сүйеген алға шықты‚ оның шы-мыр денесі анау екеуінен аласа болса да‚ әдісімен де‚ күшімен де айқын басымдылық танытты. Екі бәсекелесі тырбыңдап‚ едәуір артта қалды. Мәре сызығынан құйындай ұшып‚ сырғанап өткен Сүйегеннің көрсеткішін төрешілер жоғары бағалады.

Одан кейін Елтай орта мектебінің түлегі Есенжол мен біздің балалар үйінің түлегі Сапар да мәреге бірдей келді. Үшінші кезекте менімен Өрлік үйінің тәрбиеленушісі Толя‚ Топайлыдан келген бір бала стартқа тұрды. Толяның тұрқы өзімдей екен‚ анау үшінші баланың бойы бізден биіктеу көрінді. Конькиімді Кәрім жақсылап қайрап берген.

Жеңіл киініп‚ алдын ала бойымды сәл қыздырып‚ жаттығу жасап алғанмын.

Мұз айдыны күн сәулесінен жалт-жұлт етеді. Көңілім көтеріңкі‚ қалайда жүлделі орынға шығуым керек. Намысты қолдан беруге болмайды. Мына екеуі де құнтиып‚ бәсекеге түсуден тайынатын түрі жоқ.

Старт төрешісі қатар тұрғызып‚ бас төрешінің белгісін күттік. Сөйткенше топайлылық бала жалғыз өзі жүгіріп ала жөнелгені. Төрешінің ысқырығы естілді. “Фальстарт!” – деді‚ қосалқы төреші. Старт сызығына қайтадан келдік.

Ысқырық естілісімен қатты қарқынмен сырғанай жөнелдім. Басымды ішіме алып‚ төрт-бес метрден соң бауырымды жаза құлашымды сермеп келем‚ жан-жағыма қарауға мұршам жоқ.

Мизам ағайдың айтуы бойынша, жан-жағыма қарамауым керек. Егер бәсекелесің озып кетсе‚ онсыз да көресің‚ сенің мақсатың – қарқынды ба-рынша үдете түсу. Ұстазымның айтқанын түгел ұстанып келемін. Бірақ желке тұсымнан пысылдаған дыбыс құлағыма естілгендей. Онан сайын делебем қозғандай болды. Енді бар күшімді салуға тырыстым. Балалардың айқай-шуы‚ ысқырығы құлағыма бірде естіліп‚ бірде естілмейтін сияқты. Жүз метрліктің сондай ұзақтығын қайтерсің.

Мәре сызығына бірінші болып жеттім‚ ал топайлылық бала екінші келді. Толя біраздан соң келе құлады.

(622 баллов)
0 голосов

Муз оте суык Маган муз унаиды мен кыста музга
Барамын

(34 баллов)