Қазақ ертегілерінің 3 түрі бар. Олар:
1. Қиял-ғажайып ертегілер. Оған "Ер Төстік", "Керқұла атты Кендебай", Қырық өтірік" секілді ертегілер жатады. Ертегінің бұл түрінде фантастика басым болады.
2. Шыншыл ертегілер. Бұл ертегілердің оқиғалары шындыққа жақын келеді. Мұнда қиял-ғажайып ертегілеріндегідей фантастикалық кейіпкерлер, оқиғалар болмайды. Мысалы: "Аяз би"
3. Жануарлар туралы ертегілер. Ертегілердің бұл түрінің кейіпкерлері жануарлар болып табылады. Жануарлардың оқиғасы, әңгімелері арқылы адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттер туралы ой қозғайды.