Атмосфера дегенимиз не?

0 голосов
54 просмотров

Атмосфера дегенимиз не?


География (12 баллов) | 54 просмотров
0

И что вам нужно ?

Дано ответов: 2
0 голосов

Атмосфера (грекше: atmos — бу және sphaira шар) — Жерді қоршап тұрған газды қабықша. Атмосфера деп Жерді онымен бірге айнала жүріп оны қоршап тұрған газды ортаны айтамыз. Атмосфераның массасы 5,15-5,9 х 10 тонна. Атмосфера Жер бетіндегі барлық тіршілік процестерініц жүруін қамтамасыз етіп, адамзат тіршілігінің барлық жақтарына үлкен әсер етеді.
Атмосфераны зерттеуші мамандардың пікірінше, ол Жер бетінен қашықтаған сайын түрлі температурадағы бірнеше аймақтардан тұрады.
Атмосфераның құрылысы бірнеше қабат құрылымнан тұрып; тропосфера, стратосфера, мезосфера және термосферадан тұрады. 1000 км және одан ары қарай экзосфера болып, онда атмосфералық газдар әлем кеңістігіне таралады. Осы қабатта атмосфера бірте-бірте планета аралық кеңістікке ауысады.
Атмосфераның Жер бетіне ең жақын қабаты "тропосфера" деп аталады. Бұл қабаттың орта ендікте теңіз деңгейімен биіктігі — 10-12 км, экваторда — 16-18 км, полюстерде — 7-10 км. Осы қабатта жауын-шашын, бұлттар түзіліп, найзағайлар күн күркіреуі жүреді. Тропосфераның жоғарғы жағында 40 км-ге созылатын стратосфера қабаты орналасқан. Онда ылғалдылық біршама төмен, атмосферадағы озонның көп бөлігі осы кабатта жинақталған, озон Күннің улыракүлгін сәулелерін сіңіріп, атмосфераны қызып кетуден сақтайды.
Стратосферадан кейін 50 км биіктікте мезосфера қабаты орналасқан. Мезосферада температура одан әрі қарай төмендеп, 80 км биіктікте — 70°С -қа түседі. Мезосферадан жоғары белгілі шекарасы жоқ термосфера орналасқан, онда 500-600 км биіктікте температура +1600° жетеді. Атмосфераның кабаттарындағы ауа биіктеген сайын сұйылып, қысым төмендейді.
Ең соңында Жерден ең алыста 800-1600 км қашықтықта экзосфера орналасқан.


(248 баллов)
0 голосов

Атмосфера-воздушная оболочка земли

(136 баллов)