Үшеүі жүкті көтеруге кіріседі. Аққу көкке тартса, шаян кейін тартады. Ал шортан суға қарай тартыпты.Мысалдан біз үшеуінің бірлесе жұмыс жасамағанының куәсі болып отырмыз.Осыдан біз мынадай мақалды еске түсіреміз "Жұмыла көтерген жүк жеңіл", "Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады" Жүктің орнынан қозғалмаған себебі,оларда ауызбіршілік болмады. Оны ақын мына жолдарда көрсеткен:
"Оншама ол жүк артық ауыр емес,
Құр сырттан "пәлен" деу де тәуір емес.
Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр,
Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс.
Егер түйіндейтін болсақ, "Бірлік жоқ болса,ұйым жоқ. Ұйым жоқ болса, күйің жоқ".