Өлең шумақтары мен мақал-мәтелдерді оқып,есімшелерді табыңдар және олардың түбірі мен...

0 голосов
163 просмотров

Өлең шумақтары мен мақал-мәтелдерді оқып,есімшелерді табыңдар және олардың түбірі мен қосымшаларын ажыратып талдаңдар
Үлгі:ашылғанда:түбірі-аш,-ыл-ырықсыз етіс жұрнағы,-ған-есімшенің жұрнағы,-да-жатыс септігінің жалғауы.
1.Түнгі Алматы тұманы ашылғанда,
Алатауға ай келіп асылғанда
Нұр жанады, аспанның жұлдыздары,
Алматының үстінешашылған ба?!
2.Ашынғанның тілі ащы
3.Көрген сайын «сіз» десіп,
Сыйласқанға не жетсін?!
Шашылғанды бірлесіп,
Жинасқанға не жетсін?!
4.Жаста оқыған оқуың
тасқа жазғанмен бірдей,
қартайғанда оқыған оқуың
мұзға жазғанмен бірдей
5.Ерінген қалар ұятқа,
Ізденген жетер мұратқа
6.Шақырғанға бар,
Шаққаннан қаш


Қазақ тiлi (231 баллов) | 163 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Бұл жерде менің ойымша есімшелерге:
асылғанда, шашылған, ашынған, көрген, сыйласқанға, шашылғанды, жинасқанға, жазғанмен, оқыған,қартайғанда, ерінген, қалар, ізденген, шақырғанға,шаққаннан.
Енді талдап тастау керек.
асылғанда:түбірі ас,-ыл-ырықсыз етіс жұрнағы,-ған-есімшенің жұрнағы,-да-жатыс септік
шашылған:түбірі-шаш,-ыл-ырықсыз етіс,-ған-есімшенің жұрнағы
ашынған:түбірі-аш,-ын-өздік етіс,-ған-есімшенің жұрнағы
көрген:түбірі-көр,-ген-есімшенің жұрнағы
сыйласқанға:түбірі-сыйла,-с-есімшенің жұрнағы,-қан-есімшенің жұрнағы,-ға-барыс септігі
шашылғанды:түбірі-шаш,-ыл-ырықсыз етіс жұрнағы,-ған-есімшенің жұрнағы,-ды-табыс септігі.
жинасқанға:түбірі-жина,-с-есімшенің жұрнағы,-қан-есімшенің жұрнағы,-ға-барыс септігі
жазғанмен:түбірі-жаз,-ған-есімшенің жұрнағы,-мен-көмектес септігі.
Досым кешір мына жаттығуда есімшелер көп содан мен бәрін жазсам талып қалам.Содан кішкенесін жазып бердім.Көмектестім деп үміттенем.

(133 баллов)
0

рахмет

0

оқасы жоқ.