Ерте заманда бір хан болыпты. Оның екі ұлы бар екен. Үлкен ұлы күштілігімен танылыпты. Ал кіші ұлы білімділігімен танылыпты. Әкесі екі ұлын бірдей жақсы көреді екен. Бірақ таққа қай ұлын отырғызарын білмепті. Бірде ханның алдына дауласып,бір топ адам келіпті. Сондағы мәселе: "ауылға білім ордасы керек пе? әлде күш сынасатын шайқас алаңы керек пе?" -деген сауал туындап,шешімін білуге хан алдына келген болатын.
Сол кезде хан осы мәселені шешуге ұлдарын шақыртады. Қай баласы мәселені дұрыс шешсе, соны таққа отырғызатынын жариялайды. Үлкен ұлы күш сынасатын алаң керек екенін айтады. Себебі, күштің арқасында бәрін де жеңуге болады деп ойлайды. Ал кіші ұлы ақылына сүйеніп,білім ордасы керек екенін айтады. Себебі,білім бәріне керек екенін айтады. Ал, білімді адам кез-келген жерде өзінің күштілігін көрсету үшін,шайқас алаңын керек етпейтінін білдіреді. Халық кіші ұлының шешіміне риза болады. Хан таққа кіші ұлын отырғызады. Сол кезде хан баласына:
"Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады",-деген осы екен ғой. Осы бетіңнен тайсалма, біліміңді одан әрі ұштай түс, - деп өсиет айтады.