Стишок про весну ** казахском языке

0 голосов
68 просмотров

Стишок про весну на казахском языке


Қазақ тiлi (14 баллов) | 68 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Төлеген АйбергеновКөктем - ол қуаныштың ізгі лебі,
Қызғалдақ қыздарға арнап үзіледі.
Аспанда жақсылықтың атын жазып,
Тырналар қатар-қатар тізіледі.

(26 баллов)
0

ЖАЙЫҚ

Жарқын жүзбен жайраңдап
Жатырсың ағып, Жайығым.
Жағаңда ойнап, сайрандап
Ескенмін заман қайығын.

Сырғып аққан сынаптай
Сабырлы өзен, салқын су.
Толқыныңды құшақтай
Келіп қонды бір аққу.

Қанаттанып жағаңда
Еді-ау бір кез ол ұшқан.
Сол бір аққу мен едім,
Келіп тұрмын алыстан.

Есіңде ме, Жайығым,
Қалмадың ба жатырқап?
Жамылып кеш сағымын,
Келмеуші ме ем ән шырқап...

Ойын, күлкі әзілмен
Бойында өткен талай күн...
Жайық, саған қазір де
Риза бола қараймын.