Дәстүрлі қазақ қоғамының өмірінде мерекелердің, ұлттық ойындар мен спорт жарыстарының алатын орны ерекше. Мерекелерде адамдар жаппай бас қосып, бір-бірімен сөйлесуге, қарым-қатынас жасасуға мүмкіндік алды. Ұлттық ойындар мен спорт жарыстары жастарды төзімділікке, ұстамдылыққа, тапқырлық пен әбжілдікке баулыды. Олар кез келген дене еңбегі мен ауыр сынаққа әрқашан әзір болып өседі. Сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.