"Жеті" санын қасиетті санған қазақ халқында "жеті қазына" деген сөз бар. Жеті қазына — қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағыфилософиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады:жүйрік ат;қыран бүркіт;құмай тазы;берен мылтық;қанды ауыз қақпан;майланғыш ау;өткір кездік.Ер жігіттің жүйрік аты — қанаты. Қыран бүркіт — қуаты. Құмай тазысы — абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы — қаҝарлы оты. Қақпаны — серті, ауы — әдіс-айласы, кездігі — сұсы. Халық Жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан. Қазақ халқының Жеті қазынаны — жеті ырыс деп атауының да мәні осында. “Жеті ырысқа” мыналарды жатқызады:1) адамның ақылы,ой-санасы. Өйткені, адамзат ақылы арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп ерекшеленеді, әрі дүниенің қожасы болды;2) денсаулық, яғни дененің саулығы;3) ақ жаулық, яғни үйдегі әйел адам — ердің жары, балалардың анасы. Халқымыз ежелден “Бас екеу болмай, мал екеу болмайды” деп, әйелді тіршілік иесі, адам өмірін жалғастырушы деп қастерлеген;4) бала. Бала — адам өмірінің жалғасы, қуанышы;5) көңіл. Көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ пен береке орнайды;6) жер. “Жерсіз — ел тұл, ерсіз — жер тұл”;7) ит. Ол әуел бастан-ақ адамға сенімді серік болған.Ал ислам аңызы бойынша, Жеті қазынаға мыналар жатқызылады:1) Қыдыр (қызыр). Ол өзі ұнатқан адамдарына ғана дариды. Қыдыр дарыған адам байлыққа кенеледі деген түсінік бар;2) бақ. Ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады. Бақ қонған адам ел мен жерге қожалық етеді;3) ақыл. Ақыл — байлық пен бақыттың тірегі;4) денсаулық. Деніңізде саулық болмаса, өміріңізде сән де, мән де болмайды делінеді;5) ақ жаулық. Дін аңыздары бойынша, Алла адамды топырақтан жаратып, жан берген соң, адам ұрпағын тарату үшін оның сол жақ қабырғасының біреуінен Хауа Ананы жаратқан;6) тұз. Тұз — Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені;7) ит. Адам мен Хауа Ананың алғашқы серігі, қорғаушысы. Осы айтылған ислам аңызындағы Жеті қазына Алланың кереметімен ғана болып отырады. Мұндағы мақсат — “Барлық іс Алланың ұйғарымында, құдайсыз қурай сынбайды” дегенді білдіреді.