Байқоңыр қаласы шығарма

0 голосов
182 просмотров

Байқоңыр қаласы шығарма


Қазақ тiлi (12 баллов) | 182 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Байқоңыр төңірегінің ғарыштан көрінісі
Байқоңыр — Қазақстан Республикалық маңызы бар қаласы. Байқоңыр қаласы «Байқоңыр космодромы» мен бірге 2050 жылға дейін Ресейге жалға берілуде.

Байқоңыр (1996 жылға дейін Ленинск қаласы) — Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы қала. Төретам темір жол стансасынан батысқа қарай 2 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағалауында, Тұран жазығының қуаң белдемінде орналасқан. Тұрғыны 53 мың адам (1997). Қаланың іргесі 1955 жылы Байқоңыр ғарыш алаңын салуға байланысты қаланған. 1960 жылы қаланың тұрғыны 40 мыңға, ал 1975 жылы 74 мыңға жетті. Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі қуаң. Қаңтардың көпжылдық орташа температурасы –11°С, кейбір күндері -35°С-қа төмендейді; шілдеде 26°С, кейбір күндері 45°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 мм шамасында. Байқоңырдың жер қыртысы палеоген кезеңінің құмтасты және тақтатасты жыныстарынан түзілген. Оның бетін Сырдария аңғарының шөгінділері жапқан. Шалғынды-боз және бозғылт құмдақты топырағында баялыш, күйреуік, жусан, сораң шөптесіндер басым. Бірнеше мың га жерді алып жатқан қала ұзақ жылдар бойына “аса құпия” нысан болып саналды. Жергілікті тұрғындар да, әскери мамандар да қаланы “10-алаң” деп атап келген. Ал қалаға іргелес жатқан “Крайний” әуежайы мен көптеген шаруашылық мекемелері және Төретам темір жол стансасы “9-алаңға” кіреді. Қалада Мәскеу авиация институтының филиалы, электр техникалық колледжі, ірі есептеу орталығы, әскери аурухана, емхана, әуежай, электр стансасы, сыра зауыттары, түрлі мәдениет ошақтары, көптеген сауда, тұрмыс қажетін өтейтін кәсіпорындар жұмыс істейді. Байқоңыр қаласының орталық алаңына бас конструкторлар С.П. Королев пен М.Г. Янгельдің ескерткіштері, сондай-ақ, тұғырға С.П. Королев құрастырған ғарыш кемесі орнатылған. Қаланың демалыс саябағында зымырандарды сынақтан өткізу кезінде қаза болғандардың (200-ден астам) бауырластар зираты, ғарышты зерттеу тарихы музейі бар. Байқоңыр қаласы мен ғарыш алаңына қажетті құрал-жабдық, техника, құрылыс материалдары, т.б. заттар Төретам темір жол стансасы арқылы жеткізіледі.

(142 баллов)