И Қостанайға белгілі мүсінші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері Тілеуберді БИНАШЕВ іссапармен келді. Мүсінші газет редакциясында арнайы ат басын бұрып, келіс сапарының мән-жайын әңгімелеп берген еді. Кездесудегі әуелгі
сұхбат былай өрбіді:
– Қостанайға осымен үшінші рет келуім. Үшеуінде де мақсатым біреу – Хакімжан Наурызбаевқа ескерткіш орнату.
Бірінші келгенімде облыс әкім-шілігіне барып, туған жеріне ес-керткіш қою туралы ұсынысымды айтқан болатынмын. Сол кезде облыстық мәдениет басқарма-сының басшысы қайтыс болғаннан кейін 5 жыл өту керектігі туралы заң бар деп, мені мәде- ниетті түрде шығарып салды. Сол жолы мүсіншінің кіндік қаны тамған Ұзынкөл ауданына да барып, елді аралап, жергілікті басшылармен жүздестім. Бірсыпырасы тіпті ол кісінің кім екенін де білмейді екен. Дегенмен де естіген соң түсінді. Бәрінің де ниеті түзу. Тұңғыш мүсіншіге өз елінде ескерткіш қою үшін 5 жыл күтудің қажеті жоқ еді. Ол кісі – халық суретшісі Әбілхан Қастеевпен қатар тұрған тұлға. Қастеев Қазақстанда тұңғыш суретші болса, Наурызбаев – тұңғыш мүсінші.
Хакімжан Наурызбаев – қазақтың тұңғыш кәсіпқой мүсіншісі, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері; туған жері: Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы; Қазақ КСР халық суретшісі (1969); 1951 жылы Харьков көркемсурет институтының мүсін факультетін бітірді. 1952 жылы Алматы көркемсурет училищесінде тұңғыш рет мүсіншілер үйірмесін ұйымдастырып, 1966 жылға дейін сонда сабақ берді. Алматыдағы "Абай" (1960, қола, гранит), "Шоқан" (1969, қола, 1970 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді), "Калинин" (1973, гранит, У.Рахмановпен бірге), Жамбыл қаласындағы "Жамбыл" (1963, шойын, гранит) атты монументті ескерткіштерінде пропорция, ритм заңдылықтарын тиімді пайдалану арқылы образдарды шынайы бейнеледі, әрі ұлттық колоритке аса көп көңіл бөлді. "Жасөспірім Жамбыл" (1957, қола) "Салт атты Жамбыл" (1958, қола), "Жеңімпаз қаһарман" (1953, бояулы гипс, 1953 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді) атты композицияларында мүсінші силуэт пен фактураны үлкен шеберлікпен пайдаланды. "Аманкелді портреті" (1948), "Бала Жамбыл" (1950), "Құрманғазы" (1957), "Алдабергенов" (1959), "М.Хакімжанова" (1961), "Сәкен" (1964, бәрі де гипс пен мәрмәрден жасалған). "Шопан портреті" (1965, қалайы, Мәскеу, Третьяков галереясы), "Ленин портреті" (1970, мәрмәр, Ульяновск, Орталық Ленин музейінің филиалы) атты еңбектерінде кейіпкерлердің жан дүниесін терең де жан-жақты ашты. Ол – Социалистік Еңбек Ерлері Қ.Досанов, Б.Шаяндин, Д.Серіков т.б. мүсіндік портреттерінің авторы. 1952-54 жылдары Қазақ КСР Суретшілер одағы басқармасының төрағасы. 1961-65 жылдары Лениндік сыйлықтар комитетінің, 1959-65 жылдары және 1973 жылдан КСРО Суретшілер одағы басқармасының мүшесі. Шәкірттері: Т.Досмағамбетов, Б.Төлеков, Т.Бинашев. X.Наурызбаев еңбектері негізінен Қазақтың көркемсурет галереясында сақтаулы.