Берілген қос сөздермен сөйлем құрандар:1)Қора-қора, бетпе-бет, кезек-кезек 2) Ата-ана, үлкен-кіші 3)Азды-көпті, ағайын-туған, дос-жар 4)Жап-жақсы, әп-әдемі үп-үлкен 5) Сарт-сұрт, жылт-жылт. Помогите срочно пожалуйста и не копируте плз
Дүйсенбайдың қора-қора малы бар. Сенімен бетпе-бет кездесуім керек. Мектепте оқушылар кезек-кезек жауап береді. Ата-анаңды сыйлай біл. Біз бүгін қонаққа үлкен-кішісі бар барлық туыстарды шақырдық. Азды-көпті көргенім бар, ақыл айтар шамам бар. Ағайын-туған тату болса, береке болар. Өмірде дос-жарыңды ренжітпе. Мен жаз айларында жап-жақсы жүзуді үйрендім. Өзіме әп-әдемі көйлек сатып алдым. Сенің бауырың үп-үлкен болып кетіпті. Жаңбыр кенеттен сарт-сұрт етіп жауып кетті, найзағайлар жылт-жылт етіп жарқырады.