Абай Құнанбаев – ХІХ ғасырдың екінші
жартысында қазақ сөз өнерін жаңа биікке көтерген ұлы тұлға, асыл сөздің
зергері. Ақынның
туған жері – Семей өңірі, Шыңғыстау бурайы, Қасқабұлақ бойы, азан шақырып қойған
аты – Ибраһим. Жасынан зерек Абай ауылда әжесі Зеренің
бауырында өз халқының мәдениетінен терең білім алған. Он екі жасында әкесі
Семей қаласына әкеліп, Ахмет Риза медресесіне оқуға береді. Кейін орыс
мектебінде оқиды. Семей кітапханасынан шығыс, батыс ақындары мен ғұламаларының
еңбектерін оқиды. Абай ақылды, дана, адал, намысты адам
болған. Көптеген адамдар үшін Абай тек ғана ақын емес. Көптеген адамдар үшін ол
– ұстаз, ағартушы. Мен тағы да Абайдың шығармаларын сүйемін, қадірлеймін. Ұлы ақын - мәңгі халық жанында, ешқашан ұмытылмайды.
Сондықтан да Абайды қазақ халқының дана ақыны, қазақ әдебиетінің классигі,
данышпан ойшылы деп ардақ тұтамыз.