Арыстан туралы шыгарма

0 голосов
70 просмотров

Арыстан туралы шыгарма


Қазақ тiлi (12 баллов) | 70 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Арыстан (лат. Panthera leo) — мысық тұқымдасына жататын ең ірі жартқыш жануар. Орталық Африка мен оңтүстік-батыс Азияның саванна, шөлейт аймақтарында, шөлді жерлерінде де кездеседі. Арыстанның дене тұрқы 2 м-дей, салмағы 250 кг-ға жетеді. Құйрығының ұзындығы 1 м, оның ұшы қара түсті болады. Арланының мойны мен кеуде жағында қара қоңыр, кейде ұзын қара жалы болады.Ұрғашы мен жас арыстанның жалы болмайды. Арыстан жеке-жеке де, 5 – 10-нан топтанып та жүреді. Олар 3 жасында жыныстық жағынан жетіліп, 2 жылда бір, 1 – 6 күшік табады. 30 – 35 жыл өмір сүреді. Арыстандар ірі сүтқоректілерді – бөкен, зебр, мүйізтұмсық, т.б. аулап, солардың етімен қоректенеді, кейде жануарлардың өлімтігін, тышқандарды да жейді. Негізінен қорегін аулауға түнде шығады. Арыстанның саны өте азайып кеткендіктен, оны аулауға тиым салынған. Үндістанда кездесетін түрі – Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Арыстандар негізінен көптеген хайуанаттар паркінде ұсталады.

(171 баллов)
0 голосов

Арыстан-мысық тұқымдасына жатады.Мысық тұқымдасына жататын жануарлардың ішінде тек арыстан қана топтасып тіршілік етеді,оны прайд деп атайды.Арыстандар өздері мекен ететін жерді зәрімен белгілеп қояды.Ол жерге бөтен жануарлар келсе оларды қуып шығады.

(30 баллов)